Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс қазақстандық аңшы қарусыз қасқыр алды (видео)

Жақында ғана әлеуметтік желілерде қасқырды жалаңаш қолымен құлақ шекеден ұстап, жерген жыққан аңшының видеосы көпшілікті таңдандырды.


Видеодағы аңшы кез келген қасқырды бір қаққанда ұзынынан түсіретін, бүкіл Шығыс Қазақстанға белгілі,  Ержан есімді аңшы. Ол ел арасында  “қасқыр Ержан” лақап атымен танылған.

Аңшы жабайы аңды тек рұқсатпен ғана аулайды екен.

Желі қолданушылары аңшының қайраттылығына қайран қалып жатыр. Тірі қасқырды жалаңаш қолмен ұстау, жүректінің ғана қолынан келеді. Нағыз ерлік. Нағыз батырлық. Мына аңшы нағыз көкжалдың өзі екен деп тамсанған. Енді біреулері қасқырдың не күнәсі бар деп, жыртқышқа аяушылық танытып жатыр.

Талқылау