Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тірі деп ойладым: Шымкентте зейнеткер өзен маңынан адам мәйітін тауып алды

Шымкентте Бадам өзенінің маңынан адам мәйіті табылды.

Тірі деп ойладым: Шымкентте зейнеткер өзен маңынан адам мәйітін тауып алды

Сурет:  TVK/Видеодан кадр

Бұл туралы TVK арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Өзен жағасында жатқан мәйітті зейнеткер тауып алыпты.

«Менімен бірге немерем болды. Ол өзен жағасында адам жатқанын айтты. Тірі деп ойладым. Алайда олай болмай шықты. Ұлым үйде теледидар көріп отырған. Мен одан полицияға хабарласуын сұрадым», – дейді әйел.

Анықталғандай, қайтыс болған ер адам 48 жаста. Облыстық ІІД мәліметінше, ол Шымкентте тұрған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сараптама тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау