Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тірі адаммын, ренжіп қаламын: Министрлер журналистердің сынын қалай қабылдайды?

Журналистер тарапынан шенеуніктерді, министрлерді соңынан қуалай жүріп сұрақтың астына алып жатады. Тосын сауал қойып, сын айтатындар да бар.

БАҚ өкілдері тарапынан айтылған сынды министрлеріміз қалай қабылдайды? Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында бұл сұраққа кей министр жауап бере кетті, деп хабарлайды 31 арна.

“Біздің жұмыста осындай жағдайлар болса, онда сын болу керек. Сондықтан оған көзқарасым өте дұрыс”, – дейді  ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

“Ол сіздің жұмысыңыз. Мен оны құрметтеймін. Сол себептен ешқандай ренжу жоқ”, – дейді Әділет министрі Марат Бекетаев.

“Негізі жоқ сын айтылса ренжіп қаламын. Тірі адаммын ғой”, – дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Бірғаным Әйтімова.

– Қай кезде ренжідіңіз?

– Бір кезде болды «Дұрыс ойын жеткізбеді» деп маған сын еткен. Ол менің ең жаман, ең кем қасиетім емес.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау