Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тимур Құлыбаев жаңа қызметке тағайындалды

Токиодағы Ұлттық олимпиадалық комитеттер қауымдастығының (ҰОКҚ) Бас ассамблеясында Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Тимур Құлыбаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ҰОК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Тимур Құлыбаев

Тимур Құлыбаев 2018-2022 жылдар мерзімі аралағына ҰОКҚ Атқару комитетіне мүше болып сайланды.

Кандидаттар әлемдегі 206 ҰОК арасында қаралды. Атқару комитетіне құрлықтық қауымдастықтар ұсынған 24 олимпиадалық қозғалыстың спорт функционері кіреді. Айта кету керек, Тимур Құлыбаев Азия Олимпиадалық Кеңесінің вице-президенті қызметін де атқарады.

Мұндай жауапты қызметке тағайындалу – олимпиадалық қозғалыстың дамуына зор үлес қосқанын, өз еліндегі спорттың дамуында жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін және спортшылардың халықаралық аренада жетістіктерді бағындыруын көрсетеді.

Еске сала кетейік, 28-29 қарашада Жапония астанасында жалпы саны екі жүзден астам елдің Ұлттық олимпиадалық комитеттерінің басшылары, әлемдік спорт ұйымдарының басшылары мен халықаралық спорт федерацияларының президенттері кездесті. Спорттық форумға жалпы есебі 1400-ден аса адам қатысты. Бұл осы жиынның тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау