Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тимур Құлыбаев Ұлттық банктің қаржы саясатын сынға алды

«Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев Алматы кәсіпкерлермен өткен жиында Ұлттық банктің бүгінгі ұстанып отырған қаржы саясатын сынға алды, деп хабарлайды BNews.kz.

тимур-кулыбаев

«Біз кәсіпкерлердің мүддесін қорғауымыз, әкімшілік кедергілерді жоюымыз, бизнес-климатты жақсартуымыз тиіс. Ал қаржы жүйесі іске қосылмаса, алдымыздағы экономиканы әртараптандыру міндеті мен өзге де мәселелер шешілмейді», – дейді Құлыбаев.

Сарапшылардың пайымдауынша, ұлттық банктің бүгінгі несие саясаты мемлекеттің экономикалық саясатына үлкен тежеу болып отыр.

«Біз бүкіл өңірлерді аралап шықтық. Барлық облыстың тұрғындарының қоятын сұрағы біреу – теңгенің өтімділігі. Ұлттық банктің қолынан іс келе ме жоқ па? Екінші мәселе – несиелеу мөлшерлемесінің арзандауы. Бұл мәселені қалай шешпексіздер? Бұл халықтың, нарықтың көкейіндегі мәселе. Біз Ұлттық банкті диалогқа шақырамыз. Ұлттық палата келіссөздер алаңы болсын, біздің алаңды нарықпен, бизнеспен тікелей байланыс алаңы деп қарастырыңыздар. Бізге жалған есеп беріп, алдамаңыздар. Оны Ұлттық банктің басшылығы мен басқармаға бергендеріңіз де жетеді. Дұрысы, халықтың көкейіндегі мәселеге жауап іздейік», – дейді Құлыбаев ҚР ҰБ төрағасының орынбасары Қуат Қожахметовке

 

Талқылау