Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тимур Бекмамбетовтің жаңа фильмі қазақстандық прокатқа шығады

Алматыда Тимур Бекмамбетов пен Игорь Цайдың  “Ол – айдаһар” фильмі қазақстандық прокатқа шығады.

 

Журналистерге арналған көрсетілімге Қазақстан кинематографиясының жұлдыздары қатысты.

«Жоба ауқымды. Фильмнің 80 пайызы компьютерлік графика мен 1140 шоттан тұрады. Бұл «Властелин колец» фильмінің бірінші бөлімінен де көп. Негізгі идеясы – әр адамның ішінде айдаһар жатқанын көрсету. Картинада славян, болгар, иран халық ауыз әдебиетінің тәмсілдері келтірілген», – деді Индар Джендубаев.

Киноның режиссері – Индар Джендубаев. Фильм сюжеті айдаһарадам туралы ежелгі славян аңыздарының желісімен құрылған. Той кезінде князь қызы Мирославаны айдаһар аралдағы қамалына алып кетеді.

Басты рөлдерді – Матвей Лыков пен Мария Поезжаева сомдаған.

Фильм 3 жыл түсірілген.  Түсірілім Болгария, Ресей, Қазақстанда жүргізілген. Фильм 80 пайыз арнайы эффектілерден тұрады. Кино Қазақстанда прокатқа 29 қарашада шығады.

 

Талқылау