Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Барыс жемтігі ретінде берілген ешкімен ұялас болып кеткен (видео)

Амур таңертен торынан шыға сала білгенін істеп жүріп кете беретін. Ал, қазір ол ешкінің артынан ермейінше ешқайда кетпейтін болған.

1050495476

Бұл туралы STAN.KZ РИА-Новостиге сілтеме жасап хабарлайды

Бұған дейін Тимур атты ешкіні тордағы Амур барысына жемтік ретінде апарғаны хабарланған болатын. Алайда барыс ешкіні жемеген еді.  Ешкі торға кіре сала барыстың орнына жатып алған соң, барыс тордың шатырында ұйықтауға мәжбүр болған.

“Бүгін Тимур мен Амурдың бір торда жатқанына осымен бесінші күн. Амур ешкіні бұдан кейін де жемейді деп ойлаймыз. Ол ешкіні жемтік ретінде қабылдамайды, өзімен тең көреді. Тимурге барыс тарапынан еш қауіп жоқ болғандықтан екеуін екі торға бөлмейміз”, – дейді Примор сафари-бағының басшысы Дмитрий Мезенцев.

Оның айтуынша бақта ешкілер тұратын арнайы бөлек торлар бар. Бірақ ол ешкілер Тимур сияқты емес, өте қорқақ. Ал Тимур өзінің батылдығымен ерекшеленеді. Сондықтан оны Амурдың қасынан бөлмейтін болып шешкен. Олар тіпті суды да бірге бір ыдыстан ішеді екен.

Талқылау