Тиматимен дуэт айтқан Назима Жәнібекова Ресей әншісін біржола баурап алды (видео)

ТНТ арнасындағы “Песни” жобасына қатысып жатқан қазақстандық Назима Жәнібекова танымал орындаушы Тиматимен дуэт шырқады. Ол бұл кезеңде Black Star-ды біржола баурап алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Тиматимен дуэт айтқан Назима Жәнібекова Ресей әншісін біржола баурап алды (видео)

Тимати мен Назима жобаның кезекті кезеңінде “2000” атты ән шырқаған. Күні кеше желіге жүктелген аталмыш туындыны небәрі бірнеше сағатта 160 мыңнан аса жан тамашалап үлгерген.

Бұл орайда көпшілік Назиманың еңбекқор әрі өте дарынды екенін айтуда. Тіпті, Тиматидің өзі командасында Назимадан асқан талант жоқ екенін мойындап отыр.

“Жоба басталғалы фаворитім болған емес. Бірақ финалға жақындаған кезде менің таңдауым айқын. Менің командамдағы жалғыз қыз – ол Назима”, – деп бөлісті Тимати.

Айта кетейік, өткен жолы Назима Black Star командасының өзге рэперімен Шымкент жайлы ән орындаған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар