Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тимати мен «MuzTV» арнасының бас директоры желіде соғыс ашты

Ресейдің танымал рэп орындаушысы Тимати мен «MuzTV» арнасының бас директоры Арман Давлетьяров арасында дау туды.

Тимати мен «MuzTV» арнасының бас директоры желіде соғыс ашты

Танымал рэпер мен «MuzTV» арнасының бас директоры желідегі парақшаларында бір-біріне қатысты пікір жазып, соғыс ашты, деп хабарлайды  Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Тимати желідегі парақшасында «МузТВ» марапатын сынға алып, жетекшілердің алға жылжуға деген ұмтылысы жоқ екенін жазған.

Ал «MuzTV» арнасының бас директоры Арман Давлетьяров Тиматидің бұл сөзіне жауап ретінде оның сахнада қалай көтерілгенін есіне салды. Ол «MuzTV» арнасы бір жыл бойы Black Star командасына көмектесіп келгенін, алайда музыкалық арна әншінің және оның қарамағындағылардың көмегіне мұқтаж болғанда қолдау көрсетіп ешкімнің келмегенін айтты.

“Тимати іс-шараға келмегендіктен, «MuzTV» арнасының өміріне белсенді араласпағандықтан марапатталмайды”,- деген болатын Арман Давлетьяров.

«MuzTV» арнасының бас директоры айтқан бұл сөз танымал рэп орындаушының намысына тиіп, ол бұны жауапсыз қалдырмады.

“Құрметті Арман, сен өзің құрған кішкентай әлеміңде көгеріп қалғаның соншалық, берген «сұхбатың» арқылы менің бұрын жазған жазбамның барлығын растадың. Мен сенің орныңда бұл жағдайға түсініктеме беруден қорқатын едім. Бұл жаңалықтың бәрін оқып отыратын, сенің үстіңнен қарайтын басшылық бар. Акционерлер де ақымақ емес, олар сенің жұмыс әдісіңді және арнаның ішкі экономикасы туралы жақсы біледі. Сен басқарушы ретінде біздің барлық бейнебаянымызды ротациядан алып тастай аласың, бұл жөнінде еш мәселе жоқ. Бірақ, сені де өз лауазымыңнан алып тастауы мүмкін екенін ұмытпа. Егер бұл дәрежеңнен айырылсаң, сен кімсің? Шындыққа көз таста. Қандай өнім жасадың? Сен Игорь Яковлевич Крютой активін сатқаннан бастап каналдың және марапаттың рейтингін көтере алдың ба? Ол кезде бұл марапаттау рәсіміне ТМД елдерінің, бүкіл әлемнің танымал әншілері қалмай келетін, ал сен осындай жетістікке қол жеткіздің бе? “,-деді Тимати.

Тиматидің осылай жазған сөзінен кейін арнаның бас директоры да айтарын айтып қалды.

“Саған менің акционерлермен қарым-қатынасым туралы ойлаудың қажеті жоқ. Олар сенімен салыстырғанда, экономикаға, арнаның үлесі мен санына қызығушылық танытады және оларды бәрі қанағаттандыратынын есіңе салайын. Олар сенің парақшаңдағы пікірлерді оқып отырмайды. Олардың деңгейі басқа”,-деп жауап берді бас директор.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау