Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тілін маңдайына жеткізе алатын ер адам жұртты қайран қалдырды

Непалдың Урлабари қаласында мектеп автобусының жүргізушісі тілін маңдайына жеткізе алады. Ол өзінің осындай ерекше қабілетін ресми түрде тіркегісі келеді.

Тілін маңдайына жеткізе алатын ер адам жұртты қайран қалдырды

35 жастағы Ягья Бахадур Катувалдың сөзінше, ол әлемдегі ең ұзын тілдің иесі болып табылады, деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

«Гиннестің рекордтар кітабына тілімен мұрнын толықтай жауып, маңдайын жалай алатын адам ретінде енгім келеді», – дейді ол.

Тілін маңдайына жеткізе алатын ер адам жұртты қайран қалдырды

Катувалдың сөзінше, оның мұндай қабілетінен балалар тұрмақ, ересектердің өзі шошиды екен.

«Балалар маған жоламайды. Кейбірі шалбарына жіберіп қояды. Тіпті, ересектердің өзі менің солай жасағанымды көріп, не айтарын білмей, сасқалақтап қалады», – дейді ер адам.

Тілін маңдайына жеткізе алатын ер адам жұртты қайран қалдырды

Ал Катувалдың досының айтуынша, ол мұндай трюкті аузында жалғыз тісі қалған кезде үйреніп алған екен.

Осыған қарамастан ер адам өзінің сырт келбетіне риза.

Тілін маңдайына жеткізе алатын ер адам жұртты қайран қалдырды

«Мен өте жақсы көрінемін деп ойлаймын. Егер мені қорқынышты фильмдерге түсуге шақырса, өзге актерлермен салыстырғанда, гримсіз-ақ адамдарды шошыта алар едім», – дейді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау