Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тілімен суға толы стақанды көтерген бойжеткен жұртты таңғалдырды (видео)

Қытайдың Шэньян қаласының тұрғыны тілімен жасай алатын трюктерді көрсетті. Ол тілімен стақанды ұстап тұрған видеосын желіде жариялады.

Тілімен суға толы стақанды көтерген бойжеткен жұртты таңғалдырды (видео)

Бұл туралы Newsflare басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Желіде пайда болған бірінші видеода Ту Ту есімді бойжеткен тілін шығарып, онымен іші суға толы үлкен стақанды ұстап тұруға тырысады. Мұнан кейін ол трюкті «Кока-кола» стақаны және апельсинмен қайталады.

Ал соңғы видеода бойжеткен тілін мұрнына жеткізіп, оны жалайды.

Гиннестің рекордтар кітабының мәліметінше, әлемдегі ең ұзын тіл америкалық Ник Стоулберлге тиесілі. Оның тілінің ұзындығы – 10,1 сантиметр.

Ал әйелдер арасында ең тілі ұзыны – Шанел Таппер. Оның тілінің ұзындығы 9,75 сантиметр болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Непалдың Урлабари қаласында мектеп автобусының жүргізушісі тілін маңдайына жеткізе алатынын хабарлаған едік. Ол өзінің осындай ерекше қабілетін ресми түрде тіркегісі келеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау