Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тілеухан: Жеріміз шетелдіктерге ешқашан сатылмайды

“Қазақ елінің басты байлығы саналатын жеріміз шетелдіктерге ешқашан сатылмайды”. Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Бекболат Тілеуханның пікірі осы,-деп хабарлайды Астана арнасы.

жер-сатылмайды

«Бұл заңмен бекітілген, менің де азаматтық пікірім осыны қуаттайды», – деді депутат. Ал «маңызды мәселеге қатысты саясаткер жақ ашпады» деген айыптауларға, Бекболат Қанайұлы, жер, тіл, дін тақырыптары тым нәзік келеді, сондықтан бұл тұрғыда асығыс пікір білдіруге болмайды, деп жауап берді.

«Бірдеңені істемес, айтпас бұрын ойланып алады, ал істеп, айтатынын айтып болып ойланғаннан пайда жоқ. Сондықтан бұл жерде лап беріп, бірдеңені айта салуға да болмайды. Бірақ бір анық нәрсе бар. Жер ешқашан сатылмайды. Ауыл шаруашылығы жері заңда да сатылады деген жері жоқ. Жалға беріледі 25 жылға, түсіндірмесінде айтты ғой, Бауыржан Смағұлов айтты, Мамытбеков те айтып жатыр. Жер жалға беріледі, жердің иесі болуы керек, ол дамуы керек. Бірақ шетелдерге сатылады деген адам ақылына сыймайтын нәрсе»,-деді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Бекболат Тілеухан.

Талқылау