Тіл дамытуға арналған 50 үздік жаңылтпаш

Сәрсенбі, 28 Қыркүйек , 2016 17:17

Ұсынылып отырған айтуға оңай соқпайтын 50 жаңылтпаш тіліңізді анық, сөзіңізді қанық етеді. Stan.kz ұжымымен тексерілген.

айбала

1. Абалақ-сабалағы шыққан
Арланды абалатпасаңдаршы,
Абалаған арланға
Абат бақты аралатпасаңдаршы.

2. Ақылсынған ақылшы ма,
Астамсымай нақыл ұсынған
Ақсақал ақылшы ма?

3. Ала-ала алашалар,
Тамаша олар,
Оған кім таласа алар?
Алашаларды
Таба алса, алар.

4. Аршабек арша деп шыршаны,
Шыршабек шырша деп аршаны.
Шатасты күлдіріп баршаны,
Шырша деп, арша деп шаршады.

5. Әжемнің әжесі әжімді емес,
Әжімді әжеме әзілкеш те
Әжімдісің деп әзілдемес.

6. Әй, Тайқарбай, Тайқарбай,
Қойыңды мал жусанға жай, Тайқарбай!
– Тайқарбай, Байқарбайларың толып жатыр,
«Әй, Тайқарбай» дегенің қай Тайқарбай?

7. – Бағдамшы, мына бағана
Бағанағы бағана ма?
– Бағда маған ұнамаған
Бағанағыдай бағана.

8. Балдыр балғын құрақтан бағалырақ па,
Балғын құрақ балдырдан бағалырақ па?

9. Бекіністе бес дос кездесті,
Белдігін тартып бестілерінің,
Бетегелі бөктерде белдесті.

10. Бұғанақты бұзаудң бұғанасын
Бұлтақтатқанда
Белгілі бұра алмасың.
Бұла бұзау
Бұлтақтап туламасын.

11. Ғылымпаз ғылымсыз жаңалық аша ала ма?
Ғылымсыз ғылымпаз даналық аша ала ма?

12. Далбағайы далба-жұлма бола тұрып,
Далаңбайлағышын қарашы,
Далаңды шола тұрып.

13. Дөнен мінген кісі түздеп,
Дөнбейілдің дөмпейінен
Дөнежіндерін жүр іздеп.

14. Дөңгелек дөннен төмен дөңгеледі,
Дөңгелекті дөкемге немен өңгереді?

15. Дүңгіршек пе деп жүгірсек,
Дүрбелеңдеп үлгірсек деп жүрсек,
Делбеңдеген дүзге жайған үлбіршек екен.

16. Екшегішпен шөп-шаламды екшеткізші,
Екшеленген шөп-шаламды өлшеткізші.

17. Еліктегіш те, желіктіргіш те,
Еліктей еліріп елеңдейді.
Еліктегіштің елеңдеген елібі еленбейді.

18. Жабағы жүні
Жабағыланған жабағыны,
Жабайландырмай-ақ
Жабуласа қайтеді?

19. Жағалтай жадағай
Жағалауды жағалап ұшты.
Жолақ-жолақ жағал құс
Жарлауытты сағалап ұшты.

20. Жәркелеш пен жәмпейлеске жәрдемдес,
Жездем сойған серкешті
Жеделдетіп бұтарлауға жәукемдес.

21. Зерттеуші зертханада зеріккен бе?
Зеректігін зейінділікпен зерделей алмай,
Зердесіздікке салынып, желіккен бе?

22. Зырылдауық зығырыңды зығырландырар,
Зыпылдауық зыңғырлап.
Зырылдауықтай зыттырып,
Зырқылдатып басыңды ығыр қылар.

23. Иірім дөңгелене иірілді,
Иінге иір-иір иірім
Иректеліп үйірілді.

24. Кебе жеген Көкен кебеп жемеді,
Кебежеден ірімшік әперген
Кемпір де жегін деп ебектемеді.

25. Көлеңкесі көлбеңдеген,
Көк теректі көлеңкелегендер
Көрмепті ебелекті ербеңдеген.

26. Қабылдағыш құптағышты қабылдатқыз,
Қабылданса, қапұл-құпыл дабылдатқыз.

27. Қаймыжық қаймығыңқырап қаймаңдай ма,
Қаймықтырған қайманаға маңмаңдай ма?

28. Қара қанат жағалтай,
Қарала-қожақ жағалма-ай.
Қауырсынын жағалдаған ба,
Құныттап бояу жаға алмай?

29. Құжынаған ара шаққасын Құбыржанды,
Құбыржан да араға
Құжыраңдап құжырланды.

30. Қылжақбаспен қылжақтаспашы, қылжалаңдап,
Қылжың қалжыңшы қылжитар ыржалаңдап.

31. Қырқадағы қырық арқар,
Қырқы-дағы қиқар арқар.
Қасқиғаны марқа арқар,
Қалқадағы қарт арқар.

32. Мәтектетіп мытуға мәтібилеу
Мәулен інім түйе мәтектеп,
Мәңгіртіп-ақ жібереді шекеден шерткенде.

33. Мықтымсынған мықты мығымсыз шықты,
Мықшыңдатып мыртық-ақ оп-оңай жықты.

34. Нау да дау, дау да нау.
Науандау наудың
Науа жолында дау жолықты.

35. Ойран шөп ішін аралар аралар,
Орала ұшып гүлге қадалар да, бал алар.

36. Ортаңбай, орқаштанбай
Ортақ тіл таба аласың ба,
Ортақтасса, ортада қаласың ба?

37. Өрені өрелі өрелес,
Өнерін өрелемес.
Өресіз өрені өркендеп,
Өркештеніп төрелемес.

38. Пішіні пішіндестің пішінін,
Пішіншіге пішіндеткізші,
Пәруай пейілді дәлелдеп мүсінін.

39. Реттегіш реттеңкіреп реттестірсе,
Ретсіздік те реттелер,
Ретін тауып іздеттірсе.

40. Сайыста сасйыссаң қайыспа,
Сайысшы сайыстырса,
Сайғақтай саяқ шық сайыста.

41. Сомадай Шалабай
Солақай Санабайды,
Соқталдай Шанабайды,
Сопиды шала алмай.

42. Тесікті есікке
Тескішпен тез тескізші.
Тескізген есікке өткізер
Түбіттен жіп ескізші.

43. Төлеш төгіп тегешті,
Тілешке төніп егесті.
Тегешті төккен Тілеш емес-ті,
Төлеш несіне тежесті?

44. Ұштастықты ұштастырған істі,
Ұстаздар одан әрі ұштастырды.

45. Үшкір тұмсық
Үш шымшық,
Үстірттен ұшты
Үш құрт шымшып.

46. Шабырға ала тастақты,
Шұбар шыбыш бастапты.
Шөп таппай шаңдақтан,
Шабырқанып аш қапты.

47. Шиеленіскен жіп түйінін
Шешсе, шешем шешішсінші.
Шиеленістіріп түйіндеудің қиынын
Шешем де сезсінші.

48. Шырпы сыпырғыштың ұшы шырпылсыншы,
Шырпылы сыпырғыштың ұшы қырқылсыншы.

49. Ызбарланған ызақор ызғардан ығысты,
Ызғында ызғырықтан ығыр болғандар ұғысты.

50. Ішкілік ішпекті
Ішкерірек төсеген,
Ішерткі беретін
Ішікті көсе ме?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар