Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тікұшақ апатында ажал құшқан ұшқыштың денесі Жамбылға жеткізілді

Тікұшақ апатынан ажал құшқан ұшқыштың денесі бүгін Жамбылға жеткізілді. 45 жастағы Виталий Кондратюктың артында әйелі мен екі баласы қалды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 54905_tn

Кеше жолға шыққан тауыстары, оның денесін бүгін таңда Байзақ ауданындағы үйіне әкеп отыр. Марқұм кәсіби ұшқыш, мамандығын жанындай жақсы көрген деседі. Оның үлкен баласы да әке жолымен әуе кеңістігін бағындыруда.

Ал, кенже ұлы қазір мектепте оқып жатыр. Ұшқыштың мезгілсіз қазасы отбасын ғана емес, жора-жолдастары мен әріптестерінің де қабырғасын қайыстырды. Ертең жақындары Виталий Кондрактюкті соңғы сапарға шығарып салады.

“Ол екі баласын аяққа тұрғызды. Інісіне де жәрдем беріп, әке орнына әке болды. Бұл отбасында бірнеше ұшқыш бар. Бәрі мемлекетке қызмет етуде. Сондай адамнан айырылғанымызға жүрегім қан жылап тұр”, – дейді көршісі Борис Кошелев.

Алматы облысы Ескелді ауданы мен Ақсу ауданы аумағында тікұшақ апатқа ұшырағанын хабарлаған болатынбыз. Тікұшақ қирандылары 18 арнайы топтың іздеуі нәтижесінде, Қапал елдімекенінен 3 шақырым қашықтықтағы бұрылыста таңғы сағат 8-дер шамасында сайдан табылған болатын.

Талқылау