Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тікұшақ апатынан көз жұмған медбикенің есімін Екібастұздағы медициналық колледжге беру ұсынылды

27 қаңтарда Алматы облысында тікұшақ  апатынан қайтыс болған Гүлнұр Хамитованы жерлестері еске алып, желіде көңіл айтысып жатыр.

12400591_1669446399994894_7673006994506822848_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Facebook желісінде Дария Ерғазина есімді қолданушы Гүлнұр Хамитованы еске алу жазбасымен бөліскен. Ол Гүлнұрдың медициналық колледжді үздік тамамдағанын, белсенді студент болғанын, әрі арманының асқақ болғанын айтады. Тіпті, ол оқыған колледжде арнайы жеке бұрышы ашылғанын жазған.

“27 қаңтар күні санитарлық әуе тікұшағы апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты. Мерт болғандардың ішінде медбике Гүлнұр Хамитова – біздің жерлесіміз. 23 жасар Гүлнұр 2013 жылы Екібастұз қаласындағы медициналық колледжді үздік бітірді. Ол колледжді тәмамдаған соң облыстық аурухананың жедел кеңестік жәрдем бөлімшесіне фельдшер ретінде қызметке алынды. “Гүлнұрдың арманы асқақ болатын. Біз оның биіктерді бағындыратынына сенген едік”, дейді медициналық колледждегі ұстаздары. Бүгінде Гүлнұр оқыған колледжде қазақтың қайсар қызына арналған жеке бұрыш ашылды. Онда қаһарман қыздың студент кезіндегі, түрлі шараларға қатысқан және диплом алған кездегі суреттері ілінді. Әттең, Гүлнұрдың өмірі қысқа болды. Амал нешік, жаны жаннатта болсын деп тілейміз!”, – деп жазады Дария Ерғазина.

Желі қолданушылар қыздың өлімін ауыр қабылдағандарын білдіріп, көңіл айтып жатыр.

Тіпті, қолданушылардың бірі Гүлнұрдың есімін ол оқыған колледже беруге ұсыныс жасайды.

“Атын өзі оқыған колледжге беріп, болашақ ұрпақтың үлгісіне айналдырған дұрыс болар еді. Адам жанын арашалып қалу үшін қызмет бабында қаза болған қаһарман қыздың бейнесі мəңгілікке сақталуға тиіс!”, – деп жазады Марат Уатқан есімді қолданушы.

Марқұм қыздың анасы Индира Бектуллина Гүлнұрдың тұрмысқа шығам деп жүргенін және қалайда қаражат жинап үй алып бермек болғанын айтады. 23 жасында апаттан көз жұмған жалғыз қызын анасы қайғыра отырып еске алады.

Бұған дейін Алматы облысындағы болған тікұшақ апаты жайлы және апатта қаза тапқан Гүлнұрдың тұрмысқа шыққалы дайындалып жүргенін хабарлаған болатынбыз.

Талқылау