Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Tickets.kz және SCAT әуекомпаниясы тұтынушыларына Сочи мен Батумиге тегін билеттер таратуда

Онлайн тревел- агенттік Tickets.kz және SCAT әуекомпаниясы 8 наурыз күні барлық саяхатшыларды мерекелік конкурсқа қатысуға шақырады.

TKZ_SCAT_8march[kaz]

8 наурыз күні Tickets.kz сайты арқылы SCAT әуекопаниясынан билет алып атына жаздырған жолаушылардың барлығы аталмыш конкурсқа автоматты түрде қатыстырылады.

9 наурыз күні үш жеңімпаздың есімдері белгілі болады. Олардың әрқайссы екі билеттен өз таңдаулары бойынша Сочи немесе Батумиде тегін демалу мүмкіндігіне ие болады.

«Қазақстандықтар соңғы кездері Tickets.kz қызметі арқылы жол жүру билеттерін жиі сатып алатын болды. Бұл әрине өте ыңғайлы. Ешқайда шығып әуре болмайсыз, сондай-ақ тиімді, оған қоса басқа жерлермен салыстыра келе осыннан билетті арзандау ала алады. Біздің SCAT әуекомпаниясымен біріге отырып ұйымдастырып жатқан шарамыз саяхаттауды жаны сүйетін азаматтарға деген мерекелік сыйлығымыз. Сондай-ақ күн санап саяхаттау жеңілдеп, қолжетімді бола түскенін дәлелдей түсу»,-дейді Tickets.kz компаниясының директоры Святослав Малимонов

SCAT әуекомпаниясы- Қазақстандағы бірден бір ірі әуетасмалдаушы және Tickets.kz компаниясының стратегиялық серіктесі. Екі ірі компанияның бірігіп халыққа қызмет көрсетудегі мақсаты, қазақстандық жолаушыларға сапалы әрі қолжетімді қызмет түрін ұсыну және олардың саяхаттау тәжірибесін арттырып елдегі туристтік жүйенің дамуына үлес қосу.

Акция жайлы аңдатпа, толық ақпарат Tickets.kz компаниясының Facebook желісіндегі парақшасында жарияланады. Жеңімпаздардың есімдері 9 наурыз күні Астана уақыты бойынша 15:00 айтылған парақшада жарияланатын болады.

Акцияға қатысыңыз- сәттілік жолдасыңыз болсын!

Tickets.kz компаниясы жайлы

Tickets.kz компаниясы- қазақстандық онлайн тревл-агенттік. Ол Tickets Travel Network холдингінің Қазақстандағы бөлімшесі болып табылады. Tickets.kz арқылы әуе, теміржол билеттерін сатып алып, қонақүйлерерді алдын ала брондай аласыз.

Tickets Travel Network- туристтік салада қызмет ететін, қарыштап дамып кележатқан еуропалық компания. Ол 2015 жылы алдыңғы қатарлы шығысеуропалық тревл-агенттіктерді біріктіру нәтижесінде құрылған.

Холдинг 2009 жылы құрылып басталған. Қазір Tickets Travel Network 14 елде кеңселері жұмыс істеп тұр. Компанияның бас кеңсесі Вена қаласында.

2016 жылы Tickets Travel Network өз қызметін қазіргіден дамыта түсу үшін күш салмақ. Ол Германия, Австрия, Түркия және Польша елдеріндегі кеңселерінің қызметінің сапасы мен қолжетімділігін арттырмақ.

Талқылау