Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

The Jigits тобы Марста түсірілген бейнебаяндарының тұсауын кесті (фото, видео)

The Jigits тобы өздерінің “Сыныптастар” атты әнге түсірілген бейнебаяндарының тұсауын кесті. Аталған туынды Мәскеу қаласында түсірілген. Жігіттер журналистерге берген сұхбатында соңғы жаңалықтарын бөлісіп, жуырда тағы да бір туынды ұсынатындықтарын айтып өтті.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бүгін, 16 қыркүйек күні Байғали Серкебаев жетекшілік ететін The Jigits тобы “Сыныптастар” атты әнге түсірілген бейнебаяндарының тұсауын кесті. Аталған туындының орыс және қазақ тіліндегі екі нұсқасы бар. Алайда алғышқысы махаббат тақырыбына, кейінгісі сыныптастар тақырыбына арналған. Осы және өзге де толық ақпаратты топ мүшелері мен продюсерлері тұсаукесер барысында баяндады.

Аталған бейнебаянды жігіттер шілде айының басында түсіре бастаған. Түсірілім жұмыстары Мәскеуде өткенімен, алып қаламен еш байланысы жоқ. Керісінше Марс ғаламшарында түсірілгендей әсер сыйлайды. Жігіттердің өздері де сюжет идеясының әйгілі “Марсианин” фильмінен туындағанын айтып отыр. Мұнымен қатар, топ әдеттегідей шетелде екі туынды түсіріп келген. Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Лондон мен Куба қалаларында дәл солай жасаған-ды.

3E0A0076

3E0A0083

3E0A0067

3E0A0071

Байғали Серкебаев негізгі идеяға жан бітіріп, түсірілімнің режиссері қызметін атқарған. Ол костюмдердің тігілуін, декорацияның дұрыс құрастырылуын жіті бақылаған.

“Студияда әнді өңдеп жатқан кезде оған қазақ тілінде сөз жазуымыз керек болды. Кенет бірнеше ай бұрын кездескен сыныптастар есіме түсті. Сыныбымыз “Біздің ескі ғаламшар” атты тармақтары бар әнді әнұранға айналдырған болатын. Расымен де, біздің ғаламшарымыз – сыныбымыз мен сыныптастарымыз, алтын ұя мектебіміз, ал біз – әрқайсысы өмір атты ұзақ сапарға аттанып, өз жұлдызын іздеген оқушылармыз. Алайда өзіміздің қайдан шыққанымызды біз мәңгілік жадымызда сақтаймыз”, – дейді Байғали Серкебаев.

3E0A0096

3E0A0056

The Jigits тобы бұл бейнебаяндарын гастрөлдік сапарға аттануға санаулы сағаттар қалған кезде де түсірген екен. Бұл жобаға Байғалидің жігіттері өздерінің кішкене бөлшектерін кірістірген.

“Қазақстанда мектеп тақырыбында түсірілген бейнебаяндар өте көп. Олардың барлығында дерлік қоштасуды қимай жүрген ұстаздар мен оқушылар таспаланады. Осы тақырыптардан қашып, ауқымдырақ дүние жасағымыз келді. Осылайша Білім ғаламшарынан өзге ғаламшарға жол тарттық. Мұнымен қатар, компьютерлік графиканың мүлдем қолданылмағанын айтып өткіміз келеді. Костюмдерді, декорацияны, ғаламшардың ішкі көрінісін – барлығын өзіміз жасадық. Бұл бейнебаянымыздың басты артықшылығы шығар”, – дейді жігіттердің өздері.

3E0A0112

3E0A0116

3E0A0103

Әзірге топтың екінші бейнебаянының қандай әнге түсірілгені және қашан жарық көретіні белгісіз. Десе де, жігіттер оның көрермен жүрегін жаулайтындай туынды болатынын айтып жатыр.

Әнін Байғали Серкебаев пен Ринат Гайсин, Әлішер Егербердиев бірігіп жазған. Идеяны бірінші болып топ мүшесі Әлішер ұсынған. Ал сөзі Әбдірахман Асылбек пен Арманай Мұхамедияровқа тиесілі.


Жіберіп алмаңыздар:

The Jigits тобы алғашқы бейнебаяндарын Лондонда түсірді

Gakku арнасы қазақ эстрадасының ең үздік әншілеріне естелік сыйлықтарын табыстады

Байғали Серкебаевтың Emporio Music Fest байқауы өтті

Керменбаев «04:29» фильмінің саундтрегіне бейнебаян түсірді (видео)

Талқылау