Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

The Jigits тобы алғашқы бейнебаяндарын Лондонда түсірді

The Jigits тобы алғаш рет өздерінің «STOP» әніне түсірілген бейнебаянының түсаукесерін Қазақстанда өткізеді.

аааааааа

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мәскеу сахнасын бағындыруға кеткен The Jigits тобын қазақстандықтар да бұрынғыдай сүйіп тыңдайды. Өздерінің алғашқы туындыларының тұсаукесерін бойз-бенд Алматы қаласында өткізуді ұйғарыпты.

вакв

Аталған шараның қонақтары Music-Cola, Ділназ Ахмадиева, Айқын, Мақпал Исабекова, Али Оқапов, Лидо  және Ademi болады деп күтілуде. Ал бейнебаян 4 наурыз күні ТМД телеарналарынан көрсетілетін болады.

ДОРОГИЕ ДРУЗЬЯ, ПРЕДСТАВЛЯЕМ ВАМ НАШ НОВЫЙ СИНГЛ И ВИДЕО НА ПЕСНЮ S.T.O.P.⛔️ Видеоролик сложен из 14 сцен,снятых в формате ИНСТАГРАМ ВИДЕО. Каждая сцена представляет собой ожившую фотографию длиною в 15 секунд. С завтрашнего дня /29 февраля/ ВИДЕОКЛИП будет эксклюзивно выходить на нашей странице в Инстаграм ТНЕ_JIGITS, ежедневно, по три части . Полностью клип будет показан на презентации сингла СТОП в клубе China Gold в г. Алматы 4 Марта. В этот же день видео СТОП стартует на канале ELLO в You Tube ✨ Приятного просмотра, друзья 😁😁😁 #the_jigits #jigboys #newvideo #stop #london #премьера #jigtv

Видео опубликовано The JIGITS (@the_jigits)

 

Аталған туындының режиссері, операторы әрі авторы – Лондондағы Central Saint Martins университетінің түлегі, A’STUDIO тобының көшбасшысы Байғали Серкебаевтың қызы Сана Серкебаева.

Аталған бейнебаянды 2015 жылы Лондонда түсірген. Бейнебаянның форматын Instagram желісінде 14 бөлікке бөлінген 15 секундтық роликтерден білуге болады.

 

“Бір кездері A’STUDIO тобының мүшелері бейнебаян түсірген жерлерді аралау арқылы ерекше әсерге бөлендік”, – дейді Лондон қаласын аралаған жігіттер.

 

«STOP» бейнебаянының желісі аты айтып тұрғандай өте қарапайым. Өзінде мұң мен үміт сынды сезімдерді үйлестірген әрі соңы әдеттегідей “хэппи эндпен” аяқталады.

 

“Видео өте ерекше болып шықты! Ол қазір түсіріліп жатқан дүниелерден мүлде бөлек. Британиялық ұстамдылық пен қарбаластың жоқтығы, Гайд саябағындағы велосипедтер, Темза жағалауының көрінісі – осының барлығы Битлз заманына деген сағыныш”, – деп аталған топтың продюсері Байғали Серкебаев халықты ерекше туынды күтетіндігін айтты.

Талқылау