Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

The Daily Mail басылымы ресейлік «тірі Рапунцель» жайлы жазды

 Британдық The Daily Mail басылымы Барнаул тұрғыны Даша Губанова жайлы жазған. Дашаны жұрт «тірі Рапунцель» атап кеткен. Қыз бұрымын соңғы 13 жылдан бері қайшы тигізбей, өсіріп келеді екен.

шаш

Бұл туралы lenta.ru сайты жазған.

Губанованың Инстаграм парақшасына 104 мыңнан астам адам тіркелген. Қыз шашын жерге сүйретілгенше өсіруге әзір. Ресейлік арудың шашының ұзындығы нақты санмен көрсетілмеген.

Барнаул тұрғыны желідегі парақшасына шашын түрліше сәндеген суреттер мен видеоларды жиі жүктейді екен.

Оның оқырмандарының дені  қыздың бұрымын ұнататын көрінеді. Желідегі Дашаның достары оған шаш күтімі жайлы жиі сұрақ қояды екен.

2016 жылдың ақпанында  Штландиядағы Солткотс қаласының оқушысын сыныптастары ұзын бұрымы үшін әжуә қылған болатын. 15 жасар Эрон  Фернандоның анасы осы мәселеден кейін қызын мектепке жіберместен үйінде оқытуды қолға алған еді. Оқушы 132 см шашын қысқартудан бас тартқан болатын.

#Коса #растиКосаДоПят

Фото опубликовано Дашик Губанова Веснушка (@dashik_gubanova)

Рапунцель немістің Rapunzel сөзінен шыққан. Бұл атау- Шашы қалың әрі өте ұзын, бұған қоса сыйқыр жасайтын күшке ие ертегінің кейіпкеріне қойылған есім. Бұл оқиғаны ағалы-інілі Гриммдер жазған болатын. 2010 жылы «Рапунцель: Запутанная истроия» мультипликациялық фильмі  прокатқа шыққан еді. Онда биік ғимараттың үстінде тұратын қыз шашының арқасында өзгелерді  көтеріп әрі жерге түсіретін.

 

Обожаю лошадей! Они безумно красивые….

Фото опубликовано Дашик Губанова Веснушка (@dashik_gubanova)

Талқылау