Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тесттен құлап ақшаға қайта тапсырғандар грантқа ілінбейді

Биыл түлектер ҰБТ-ны қатарынан үш рет тапсыра алады. Білім министрлігі сынақтан сүрінгендерге ерекше жеңілдік жасап, бірнеше мүмкіндік бермек. Бірақ, ұлттық тестке қайта қатысқандар мемлекеттік грантқа ілінбейді. Сондай-ақ, биыл ҰБТ соңғы рет ескі тәртіппен өтпек. Келесі жылы түлектер мектеп аттестатын алу үшін бөлек емтихан тапсырады. Ұлттық тестілеудің форматы да түбегейлі өзгереді, – деп хабарлайды ктк арнасы.

ae5a1b29301a23a2395f55f0d34b748e_XL

Мектеп түлектері үшін мамыр – нағыз жанталасқа толы ай. Өйткені, небары 20 күннен кейін елімізде ҰБТ басталады. Сондықтан, жоғары оқу орнына түсуге ниетті 100 мыңға жуық оқушы қазір күні-түні бас көтермей, бес пәннен тестке дайындалып жатыр.

«Жаңа жылдан бастап репититорға барамын. Биология және математика пәндеріне қатысамын. Әр апта сайын тесттер тапсырамыз. Ең көп житнағаным 113. Ол аздау грантқа түсу үшін», – дейді №63 мектеп-гимназияның оқушысы Сымбат Сейдазова.

ҰБТ –үлкен сын. Шәкірттері көш соңында қалмас үшін мұғалімдер қосыла қобалжып жүр. Оқытушылар 11-ші сыныптан күнде тест қабылдайды, қосымша сабақтар өтеді. Бірақ, Білім министрлігі биыл райынан қайтқан. Түлектерге ҰБТ-ны үш рет тапсыруға рұқсат етпек. Яғни, маусымның 2 мен 15 аралығында өтетін сынақтан сүрінгендерден, тамызда қайта тест қабылданады.

«Шекті 50 балл жинай алмаған бітірушілер үшін 2016 жылы тамыз айында кешенді тестті қайта тапсыру мүмкіндігі қарастырылғын. Қайта тапсыру ақылы болады. Оның бағасы 2.242 теңге. Бірақ ол біздің мектеп бітірушілерге ақылы жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді», – дейді БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов.

Талапкер екінші рет те емтиханнан өте алмаса да, өзі таңдаған университеттің ақылы бөліміне қабылданады. Бірақ, жұрт қатарлы бірінші семестрді оқып шыққан соң, қыста қайта тест тапсыруы тиіс. Оның үстіне биыл ҰБТ соңғы рет ескі тәртіппен өтпекші. Келесі жылы сынақтың форматы түбегейлі өзгереді. Енді талапкерлер емтиханды компьютермен тапсыруы мүмкін.

«Келесі жылдан бастап түлектер аттестат алу үшін мектеп қабырғасында бөлек емтихан тапсырады. Яғни, ҰБТ-ны әркім өз еркімен таңдайды. Ұлттық тестілеу тек жоғары оқу орнына түсу үшін қажет сынақ ретінде қалады», – дейді БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов.

Тест аудан орталықтарында, ірі қалаларда жоғары оқу орындарында өтеді. Білім министрлігі аудиториялардағы қауіпсіздікті күшейту үшін ұялы телефон байланысын үзетін және металл іздегіш құрылғылар, бейнекамераларды әзірлеп жатыр.

Ал, биыл жоғары оқу орындарына деп 32 мыңға жуық мемлекеттік грант бөлініпті. Әзірге, бюджеттен қай мамандыққа қаржының көбірек бөлінгені белгісіз. Әр гранттың құны 346 мың теңге екен. Яғни, университеттердегі ақылы білім берудің бағасы осы сомадан аспауы тиіс, – дейді Білім министрлігі.

Талқылау