Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тест. Өзіңіз туралы барлығын білгіңіз келе ме?

Тестінің басты ережесі – өзіңіздің сезімдеріңізді қағаз бетіне түсіріп отыру. Әртүрлі сұраққа бірдей жауап беруіңіз де ғажап емес. Алайда төмендегі жауабын сезімдеріңізді қағаз бетіне түсірмей жатып оқуға асықпаңыз.

71532

Қолыңызға қалам мен қағаз алған болсаңыз, бастайық.

1. Сіз теңізге қарап тұрсыз. Қандай сезім келді? Алдымен, көзіңізді жұмып, алғашқы әсерді сезініп көрсеңіз болады.

2. Орманмен жүріп келе жатып аяғыңыздың астына қарадыңыз. Ол жерде не жатыр? (Әр сұраққа 30-40 секунд ойлану жеткілікті)

3. Шағалалардың ұшып жүргенін көрдіңіз… (Бұл сұраққа мүмкіндігінше жылдам жауап бергеніңіз дұрыс)

4. Бір топ жылқының шауып келе жатқанын көрдіңіз…

5. Шөл далада алдыңыздан кереге шықты. Әлгі керегенің кішкене ғана саңылауы бар. Сіз не істейсіз?

6. Шөлдалада қатты шаршап келе жатып су құйылған құмыра тауып алдыңыз. Бірінші кезекте не істейсіз?

7.  Орман ішінде адасып келе жатып жарығы жанып тұрған үйге тап болдыңыз. Бұл үйге кіресіз бе?

8. Қалың тұманның ортасында жүрсіз…

Дәл осы ситуацияларда өзіңіздің не сезінгеніңізді қағаз бетіне түсірген болсаңыз, төменгі жауаптарды оқуыңызға болады.

1. Теңізге деген қарым-қатынасыңыз өмірге деген құштарлығыңызды көрсетеді

2. Өзіңіз туып-өскен отбасыңызға деген қарым-қатынас.

3. Сіздің әйелдерге деген көзқарасыңыз.

4. Сіздің ер азаматтарға деген көзқарасыңыз.

5. Мақсаттарыңызға жету жолы мен қиындықтарыңызды қалай шешетініңіз.

6. Жыныстық қатынасқа лайық серікті қалай таңдайтындығыңыз.

7. Отбасын құруға дайындығыңыз.

8. Өлім туралы ойыңыз.


Жіберіп алмаңыз:

Секс туралы жігіттер сенетін 6 өтірік

Қаназдық ауруына таптырмас ем болған сірне тағамын әзірлей аласыз ба?

Ер азаматтардың күш-қуатын арттыратын “Жаужүрек” тағамын әзірлей аласыз ба?

Қазақтың мына ұлттық тағамы сіздің дәм сезу рецепторларыңызды “жарары” анық

Талқылау