Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ИМ террористерінде сириялық паспорттар жасайтын жабдық болуы мүмкін

«Ислам мемлекеті» атты террорлық топтың сириялық паспорттарды түпнұсқалық түрін басып шығаратын жабдығы бар болуы мүмкін. Олар сол арқылы басқа мемлекеттерге еркін кіре алады

images

АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік министрлігінің 17 беттік баяндамасында жазылған.

Ислам мемлекеті бұл құралды Дейр-эз-Зор қаласын басып алғанда қолдарына түсірген. Себебі сол жерде құжаттарды шығаратын құрылғы мен үлкен мөлшердегі таза бланкілермен жұмыс істейтін құжаттық басқарма болған. Тағы бір құжаттық басқарма Ракка да болатын, бірақ оны да лаңкестербасып алған.

Бұған дейін АВС телеарнасы Еуропа елдерінде жалған сириялық құжаттардың бірнеше рет табылғанын хабарлаған еді. Ол құжаттар 13 қараша да болған париждық шабуылдың екі террористінде болған екен.

Қазір Сирия жалған құжат толып жүр. Оларды 200-400 долларға сатып алуға болады.

Бүгінде Ислам мемлекеті дүниежүзіліқ қауіпсіздіктің басты қорқынышы болып тұр. Үш жылдың ішінде олар Ирак пен Сирияның біраз жерін жаулап алды. Сонымен қатар, радикалды топ Солтүстік Африка елдеріне өздерінің ықпал етпекші.

Талқылау