Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Террористер Ақтөбеде түрме мен мемлекеттік органдарға шабуылдамақ болған

Ақтөбеде 5 маусымда қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуылдаған терроршылар түзеу мекемесі мен кейбір мелекеттік әкімшілік ғимараттарға шабуылдамақ болған, – деп мәлімдеді ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков.

kazakh_police__090616

Арнайы операция Некрасов көшесінде 5 маусым күні атыс орын алған“Пантера” дүкенінен бірнеше метр алыс жерде болған.

Іздеу жарияланған күдіктіге қатысты адам шошырлық деректер анықталған. Ақтөбеде іздеуде жүрген ең соңғы террорист ұсталған еді.

Алайда, оның сөзінше құқық қорғау органдары мен арнайы органдардың кәсібилігінің арқасында олардың бұл жоспары орындалмаған.

ҰҚК-нің төраға орынбасары 9 қылмыскер ұсталып, 18-нің көзі жойылып, олармен бірге 23 қару-жарақ тәркіленгенін мәлімдеді. Террористерге қатысты 25 қылмыстық іс қозғалып, барлығы бір өндіріске біріктірілді.

ҰҚК-нің ведомствоаралық тергеу тобының қызметкерлері, ІІД, Бас прокуратура терроризмнің барлық жайттарына қатысты  тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Қамауға алынғандар қылмысын әшкерелеп, түсініктеме беріп жатыр», – дейді Білісбеков.

Жіберіп алмаңыз:

Елімізде діни жиындардың дін мекемелерінен басқа жерде өткізілуіне заңмен тыйым салынбақ

Дін істері комитеті елімізде салафизмге тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр

Талқылау