Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Руслан Күлекбаев өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

18 шілдеде Алматыда жойқын атыс жасаған Руслан Күлекбаевтарға тағылған айыптар бойынша сотқа дейінгі тексеру жалғасып жатыр. Бірқатар баптар негізінде Руслан өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

bb6bfb3c

Фото: 360tv.ru

Бұл туралы “Хабар” арнасы хабарлайды.

Руслан Күлекбаевқа автокөлік жүргізушісіне шабуыл жасағаны үшін (192 бап, 2 бөлім), адам өлтіргені (99 бап, 1 бөлім) деген айыптар қосыла тағылды.

Ал негізгі тексерістер мына алты тармақ бойынша қаралуда: 99 бап – кісі өлімі. Бұл бойынша айыпталушы 20 жылға дейін немесе өмір бойына бостандығынан айырылады; 269 бап – ғимаратқа шабуыл жасау, қарулану, оны басып алу – 8-15 жыл; 380 бап – билік өкіліне күш көрсету – 10 жыл; 255 бап – терроризм белгісі – 20 жыл немесе өмір бойына.

“Дегенмен соңғы шешімді сот органдары қабылдайды”, – дейді 30 жылдық еңбек өтілі бар адвокат Мейіржан Досқараев.

Оның айтуынша, осыған дейін 2 мәрте сотты болып, ауыр қылмысқа барған адам қоғам үшін аса қауіпті.

“8 баптың әрқайсының жазасы әртүрлі. Біреуінде 5 жылдан 10 жылға дейін, екіншісінде 7 жылдан 15 жылға дейін, тағы бірінде 15 жылдан 20 жылға дейін жаза қарастырылған. Егер оның қылмысқа барғаны осы 8 бап бойынша дәлелденетін болса, онда өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, – дейді адвокат.

Естеріңізге салып өтсек, Алматыда Абай-Байзақов көшелерінің қиылысында, ҰҚКД ғимаратына таяу маңда Руслан Күлекбаев есімді қаруланған жігіт адамдарға оқ жаудырды. Жаралыларды жедел жәрдем бригадасы ауруханаға алып кетті.

Кейінірек ішкі істер органдарының қызметкерлері тәртіп сақшыларына оқ атқан қаскөйдің қасында болған екінші адамды да ұстады. Анықтау барысында оның кепіл тұтқын екені белгілі болды.

Атыс салдарынан 8 адам Алматы ауруханаларына түсті. Атыс кезінде 3 полицей, 1 шекарашы және 1 тұрғын көз жұмып, 6 полицей мен 3 тұрғын жараланды. 19 шілде күні түске қарай тағы бір полицей қайтыс болды

Талқылау