Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Террорға қарсы шара барысында Алматы-1 вокзалы қоршауға алынды

Алматы-1 темір жол вокзалы қаладағы антитеррорлық шара аясында жедел және мамандандырылған қызметкерлермен қоршауға алынды.

Almaty_Vokzal1

Сурет: dostoprim.almaty.kz 

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

«Теміржол вокзалы қоршауға алынды. Қалада террорлық акт болып жатыр», – дейді ТЖД өкілі.

Сонымен қатар, қазақстандық БАҚ өкілдері вокзал ішінде жарылыс затының болғандығы жайлы ақпаратқа байланысты ғимараттың қоршауға алынғанын хабарлайды.

Бұған дейін хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр. Алматыдағы террорға қарсы операция:қалалықтардың үйлерінен шықпаулары қатаң ескертілді.

Талқылау