Термометр мен жүктілікті анықтау тестісін шатастырып алған жігіт күлкіге қалды

АҚШ-тың Калифорния штатының тұрғыны Исаак Торрес термометр мен жүктілікті анықтауға арналған тестіні шатастырып алып, сүйіктісінің аяғы ауыр деп ойлаған. Оның аңғалдығы желі қолданушыларын күлдірді, деп жазады Stan.kz.

Термометр мен жүктілікті анықтау тестісін шатастырып алған жігіт күлкіге қалды

Торрестің сүйіктісі екеуінің әңгімесін Twitter –парақшасында жариялады.

Бойжеткен жігітіне дене қызуын өлшейтін құрылғының суретін жіберіп, таңғалғанын жазған. Термометр Фаренгейт бойынша 100 градусты  (Цельсий бойынша 37,7 градус) көрсетіпті. Өз кезегінде Торрес сүйіктісінің аяғы ауыр деп ойлап, аң-таң болғанын айтып, хат жазған. Ол «біраз уақыттан кейін» өз қателігін түсінгенін және өзін ақымақ сезінгенін мойындапты.

Қатты алаңдаған жас жігіттің сөздері желі қолданушыларын күлдірді. «Торрес 100 градус дегенде «100 пайыз жүктілік» деп ойлаған болар», – деп жазады желі қолданушыларының бірі.

Десе де пікір қалдырған бойжеткендердің арасында өз бастарынан да осындай жағдай өткенін айтқандары болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.02.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар