Терезеден секіріп кеткен ақтаулық әйел 25 мың доллардың алтынын қолды қылған

Дүйсенбі, 23 Қазан , 2017 22:55

Үшінші қабаттан секіріп кеткен Зарина Байдосоваға қатысты жаңа деректер пайда болды. Алматылық әйел Байдосованы құны 25 мың доллар болатын алтындарымды ұрлады деп айыптады. Жәбірленуші әйел бүгін полицияға арыз түсірді, деп хабарлайды КТК арнасы.

“Әшекейімді ауыстырайын деп қорапты ашқанымда олардың жоқ екенін түсіндім. Тек бижутерия қалған, ал алтын бұйымдарым түгелдей қолды болған. Қазір міне полицияға шағым түсіріп отырмын, шамамен 25 мың доллардың заты жоғалды”, – дейді жәбірленуші Оксана Шиб.
Оксана Шибтің айтуынша, ол мүгедек баласымен бірге далада қалған әйелді өз үйіне кіргізген. Ал арада жарты жыл өткеннен кейін бағалы бұйымдарының жоғалғанын байқап отыр. Әшекейлер жоғалған күні Байдосованың өзі де ізін суытқан. Сондықтан да Оксана алтындарды Заринаның ұрлағанына сенімді. Ол Байдосованың ұрлық жасағанын дәлелдейтін бейнежазбаның қолда екенін айтады.
Еске сала кетейік, Зарина Байдосованың есімі қалың көпшілікке өткен аптада белгілі болды. Ол 15 жастағы қызымен бірге Ақтауда үшінші қабаттан секіріп кеткен болатын. Байдосованың өзі полицейлерден қашқандықтан осындай әрекетке барғанын айтады. Тергеушілер ұрлық жасады деген күдікпен әйелдің ізін аңдығандарын растады.
Жіберіп алмаңыз:

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар