Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Терактіні ұйымдастырды делінген қазақстандық жігіттің өзі жарылыс құрбаны болған

Санкт-Петербург метросында 3 сәуір күні болған жарылысты ұйымдастырды деп болжанған 22 жастағы қазақстандық Максим Арышев өзі сол жарылыстың құрбаны болған.

456456

Бұл туралы fontanka.ru хабарлайды.

“Открытая Россия” басылымы жас жігіттің әлеуметтік желідегі парақшаларын зерттеп, оның курастастарымен сөйлесіп, Максим қылмыстық әрекетті ұйымдастырушы емес, жарылыстың құрбаны деген қорытындыға келген.

Максим Арышев – Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің үшінші курс студенті. Университеттің бас корпусы Грибоедова каналы жағалауында орналасқан. 3 сәуір күні сағат 14:15-те Арышев үшінші сабағын аяқтап, төртіншісіне бармаймын деп шешкен.

“Үшінші сабақтан соң ол әдеттегідей Невский даңғылы метросына дейін барды. Ол үнемі сол жерден мінетін. Біз басқа достарымызбен Гостиный Двор бекетіне бардық. Біз Максиммен бір пойызға отырғанбыз, бірақ әртүрлі вагондар. Ол әдетте бас жағына отыратын, ал біз соңғы вагондарда. Мен біртүрлі Сенна бекетінен шыққым келіп, шығып кеттім. Ал 10 секундтан соң жарылыс дауысын естідім”, – дейді Максимнің курстасы Юрий Романов.

Мәлімет бойынша, жарылыс екінші вагонда болған. Арышев сол вагонда болған болуы мүмкін.

“Ол адаммен араласқыш, әзілкеш, күдікті ештеңе байқалмайтын жігіт болды. 3 сәуір күні мен онымен қол алысып амандастым”, – дейді Романов. Ол сондай-ақ, Максимнің интернетте таралған күдіктінің суретіне ұқсамайтынын да айтты.

“Оның үстіндегі күртешенің де түсі басқа. Бұл нақты ол емес”, – дейді Юрий.

“Яндекс.Метро” сервисінің бағалауынша “Невский Проспект” бекетінен екінші бомба қойылған (алдын ала деректерде мұның бәрін бір адам істеді делінеді) “Площадь Восстания” бекетіне дейінгі аралық 7 минут; жаяу – шамамен 20 минут. Осылайша Арышев жарылғыш затты “Площадь Восстания” бекетіне қойып, сосын көк күртеше киіп, қайта оралып, Романовпен бірге бір пойызға отырып үлгеруі мүмкін емес.

Бұған дейін 22 жастағы қазақстандықтың терактіні ұйымдастырған болуы мүмкін делінген ақпарат шыққан еді.

Еске салсақ, 3 сәуір күні 14:30 шамасында Санкт-Петербургтегі “Сенная площадь” және “Технологический институт-2” бекеттерінің аралығында жарылыс болды. Нәтижесінде 11 адам қаза тауып, 40 адам зардап шекті. “Терррорлық акт” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, мамандар терактіні ұйымдастырушыны анықтауға тырысып жатыр.

Ресейдегі жарылыстан кейін Алматы метросындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Оқи отырыңыз:

Қырғызстан президенті өзінің мұрагері туралы айтып берді

Желі қолданушылары қаңғыбас пен оның иті үшін бір күннің ішінде 12 500 АҚШ долларын жинап берді

Ата-анасы сәбиін өлтірген қылмыскерді кешіріп қана қоймай оны қажылыққа аттандырған

Мәскеу тұрғыны Құранды 45 миллион долларға сатудан бас тартты

Талқылау