Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Терактіден соң жасаған мұсылман жігіттің әрекеті Барселона тұрғындарын елжіретті (фото, видео)

Барселонада белгісіз мұсылман жігіт Рамбла көшесіне шығып, радикал-террористердің жасаған қанды қылмысы үшін тұрғындардан кешірім сұраған.

fc9bc1ae41cd027d7630b065764aaa65

Бұл туралы The Independent хабарлайды.

Ер адам “Мен мұсылманмын. Мен террорист емеспін. Мен махаббат пен әлемді сүйемін” деп жазылған плакаттың қасында тұрған. Сөздер каталон, испан, ағылшын, араб және француз тілдерінде жазылған. Ол өтіп бара жатқан кез-келген адамды құшақтап, өзінің махаббатын білдірген. Оны көп адамдар тобы қоршап алған.

photo_224425

“Ол менің қызымды құшақтап, бірнеше рет кешірім сұрады”, – дейді тұрғын Санда Эрнандес. “Мен оны құшақтаған кезде, ол кешірім сұрады. Мен жылап, рахметімді айттым”, – дейді басқа бір әйел.

e6c1c71d32797a697218d833003dd5a6

Бұған дейін Каталония мұсылмандары терроризмге қарсы қарсылық акциясын ұйымдастырған болатын. Еске салсақ, 17 тамыз күні Рамбла көшесіндегі жүк көлігі адамдар тобына соғып, қанды қырғын жасаған еді.

Оқи отырыңыз:

Мұсылмандар салмағы 153 келі тартатын үшбұрышты бәліш дайындады

12 жасар оқушы әкесінің атымен мазақтаған 7 жасар баланы сабап, өлтіріп қойды

Британияда ең сексуалды қылмыскер әйел пайда болды

Король қалай демалады: Саудия басшысы Мароккодағы демалысына 100 млн доллар жұмсады (фото)

Талқылау