Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Терактіден соң Ақтөбе мұсылмандарының өмірі қалай өзгерді (видео)

Жұма күні Ақтөбе мешіттеріне жұма намазын оқуға жиылған жұртшылық, қайғылы оқиғадан соң мұсылмандардың өмірі қалай өзгергені туралы пікір білдірген.

4ltkb3vSO6xk

Бұл туралы Диапазон хабарлайды.

“Достар, туыстар алаңдаушылық білдіруде. Тіпті сақалды қырып тастауға да кеңес беретіндер көбейді. Көшедегі адамдар басқаша көзқараспен қарайтын секілді. Ал көлік айдап бара жатсам, тәртіп сақшылары да жиі тоқтататын болған”, – дейді Ербол есімді тұрғын.

Ал Жәбірейл есімді ер адам, 10 жылдан бері дін жолындамын дейді.

“Көршілерім де, әріптестерім де мені жақсы таниды. Электр дәнекерлеуші болып жұмыс істеймін. Намазымды оқимын. Бейбіт заманда адамдардың қақтығысқа баруы қынжылтады. Менімше мұсылмандарға ешкім төніп жатқан жоқ. Бәрі бұрынғыдай”, – деді ол.

Оның айтуынша адамдар тек дәстүрлі ислам мен радикалды бағыттағыларды айыра алулары керек.

“Исламға берілген, оны түсінген адам бейәдеп сөз айтпайды, түзу жүреді, әрі қай нәрсеге де сабырмен қарап, байыпты болады. Әрине, намаз оқымайтын адамдар да түсінігі терең, ақылды адамдар көп. Нағыз мұсылмандар мұны түсінеді”, – дейді қалалық тұрғын.

Талқылау