Терактіде қаза болған сержанттың отбасына Алматы облысынан пәтер берілді  

Сәрсенбі, 20 Шілде , 2016 11:36

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 18 шілдедегі терактіде қаза болған сержант Мақсат Сәлімбаевты жерлеу рәсімінде болды. Өңір басшысы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

5252

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Жерлеу рәсімі Жамбыл ауданының Қарақыстақ ауылында болды. Сондай-ақ мұнда еске алу және аза тұту митингі өтті.

Өз сөзінде облыс әкімі А.Баталов марқұмның ерлігі Отанға деген адалдық пен патриотизмнің жарқын үлгісі болғанын атап өтті.

“Жас Мақсат тәуелсіз елінің тірегі, қорғаны еді, ол өз ерлігімен бейбіт тұрғындардың өмірін құтқарды. Мақсат секілді батырлардың есімі тәуелсіз еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылары хақ”, – деді облыс әкімі.

ba5bd24f281f0b710f478e8221d90888

Қарулы қақтығыстан кейін Елбасы барлық мемлекеттік органдарға, өңір басшыларына нақты тапсырма берген болатын. Мақсат Сәлімбаевтың отбасына Қарасай ауданындағы “Асыл Арман” тұрғын үй кешенінен екі бөлмелі пәтер бөлу туралы шешім қабылданды.

“Әрине, бұл қазаның орнын толтырмайды, дегенмен өмір бір орнында тұрмайды, балаларына, жақындары мен туыстарына ұзақ өмір тілейміз”, – деп толықтырды А.Баталов.

Бұған дейін Алматыда 18 шілдедегі терактта қаза тапқан полиция старшинасы, екінші батальон полицейі Аян Ғалиевпен және ҚР ІІМ бұрынғы қызметкері Ғани Нұримановпен қоштасу рәсімі өткен болатын. Рәсімге 2000-ға жуық адам келді.

Осыған дейін Алматы қаласының әкімі қаза тапқандардың отбастарына 15 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетілетіндігін хабарлаған еді. Қазіргі таңдаауруханада үш адам ауыр халде жатыр.

Дүйсенбі, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 5 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

Біраз уақыт бұрын ғана ішкі істер министрі қаскөйдің полициядан кек алмақ болып шабуыл жасағанын айтты. Кейінірек қалада болған атыстың бейнежазбасы да пайда болды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар