Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теракті жасауға қатысы бар деп ұсталған күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған

Ақтөбедегі 5 маусым күні болған қанды терактіні ұйымдастыруға қатысы бар деп күдікке ілініп, қолға түскен ер адам бұрын да сотты болған екен.

3a2917d1-d9fc-47b5-abee-d3ae20c2d3d0

Сурет Ақтөбе облыстық ІІД

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

Кеше, 8 маусым күні Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылында Айдос Жұбанов есімді ер адам ұсталған болатын.

Ол 1985 жылы Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қаракөл ауылында туған. Оның анасы күйеуімен ажырасқаннан кейін Ембі қаласына көшіп, Айдос сол жерде мектеп бітірген. Ол 2000 жылы колледжге оқуға түседі.

2002 жылы 26 желтоқсанда Жұбанов адам өлтіруге күдікті деп табылып, сотталған. Ол жазасын өтеп шыққан 2010 жылы анасы да көз жұмған.

Ол Ақтөбеде отбасын құрған соң да туыстарымен қатты жақын араласпаған. Олар да жас жігіттің діни көзқарасы мен әдеттерін байқамапты. Әйтсе де Жұбановтың әлеуметтік желідегі парақшасында ислам тақырыбына қатысты суреттер салынған және ол діни топтарға тіркелген.

Ол сондай-ақ, туберкулезбен ауырып дәрігерлердің бақылауында болған. 2015 жылы оны екінші топтағы мүгедек деп танып, бір жылға ауруханаға жатқызған. 2016 жылы 11 наурызда ол өз еркімен ауруханадан шығып кеткен. Соңғы деректер бойынша ол Ақтөбедегі “Нұр сити” ықшам ауданында тұрыпты.

5 маусым күні терроршылар екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. Нәтижесінде 7 бейбіт адам қаза тапты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жасаған баяндамасында ҚР ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақанов 8 маусым күні 13 күдіктінің көзі жойылып, 14-інің жараланғанын айтты. Өзге бас тартқан 20 адамның түр-тұлғалары анықталған.

Бүгін ел тұрғындары қаза болған боздақтарды аза тұтып жатыр. Кеше қалада қаза болған бейбіт тұрғындарды ақтық сапарға шығарып салды. Құқық қорғаушылар іздеу жарияланған 6 күдіктіні тапқан адамға сыйақы тағайындалатындығын айтты.

Жалпы ҚР аумағы бойынша террорлық қауіптің сары деңгейі белгіленді.

Талқылау