Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тепловоз жүргізушілері ұрысып қалған: Каирде тепловоз апаты болып, отызға жуық адам көз жұмды (видео)

Мысырдың Каир қаласының орталығындағы темір жол вокзалында болған апат пен өрттің салдарынан 28 адам көз жұмды. Өрттен зардап шеккендердің саны 50-ден асады.

Тепловоз жүргізушілері ұрысып қалған: Каирде тепловоз апаты болып, отызға жуық адам көз жұмды (видео)

Сурет: REUTERS / Amr Abdallah Dalsh

Бұл туралы «РИА Новостиге» сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Мысыр астанасындағы Рамсис станциясында жүйткіп келе жатқан тепловоз платформаға соғылды.

Прокуратура тергеу жүргізіп, локомотив апатына екі тепловоздың жүргізушісінің ұрысып қалуы себеп болғанын анықтады. Бұл туралы Мысырдың мас прокуроры Набиль Садек мәлімдеді.

 

Құқық қорғаушылардың сөзінше, жүргізушілердің бірі тепловоз кабинасынан шығып, неліктен екінші тартқыштың жолды бөгегенін анықтамақ болған. Екінші жүргізуші апатқа жол бермес үшін кері жүрген. Осыдан кейін тепловоз қатты жүріп кетіп,  жүргізуші болмағандықтан тоқтай алмаған. Соның нәтижесінде Каирдің орталық вокзалының негізгі ғимаратына соғылды.

 

​Тепловоз соқтығысуының салдарынан жанармай багы өртеніп, жарылып кеткен. Артынша өрт платформа мен вагондарға тарады. Полиция жүргізушіні ұстады.

​Оқиғадан кейін Мысырдың көлік министрі Хишам Арафат отставкаға кетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр