Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тепловоз қаққан: Алматыда жоғалып кеткен журналист қыздың өлімінің мән-жайы белгілі болды

Алматыда журналист, Hit TV арнасындағы бағдарламаның продюсері Айгерім Мұсаева жоғалып кетіп, артынша өлі күйінде табылған еді. Алматы қалалық полиция департаменті журналистің өлімінің мән-жайын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айгерім Мұсаева

Журналистің денесі 20 қазанда сағат 00:20-да Түркісіб ауданының Боралдай көшесіне жақын маңдағы темір жолдан табылды.

«Тепловоз қағуының салдарынан көз жұмған жас әйелдің денесі табылды. Оның өзімен бірге құжаты болмаған. Сот-медициналық сараптама жүргізу үшін мәйіті қалалық мәйітханаға жіберілді. Жас келіншектің мәйітін туған ағасы танып, Айгерім Мұсаева екенін растады. Қазіргі уақытта көліктегі ІІД қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», – дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сонымен қатар полициядағылардың сөзінше, таяуда марқұмның жолдасы хабарласып, әйелі Айгерім Мұсаеваны тауып беруін сұраған. Ол 19 қазан күні отбасындағы ұрыстан кейін әйелінің үйінен кетіп қалғанын айтқан.

Еске сала кетсек, қайғылы жағдайдан кейін жас келіншекті туыстары мен әріптестері 2 күн бойы іздеген еді. Оның жоғалып кеткені туралы әлеуметтік желілерден белгілі болды. Артынша қайтыс болғаны хабарланды.

Марқұмның артында екі баласы қалды. Ол Hit TV арнасында бағадарламаның продюсері болып жұмыс істеген.

Айгерім Мұсаеваның денесі бүгін таңертең жер қойнына тапсырылады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау