Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теннисші ойын кезінде дәретханада ұзақ отырамын деп жеңіліп қалды 

Колумбиялық тенниссші Даниэль Галан дәретханада тым ұзақ отырып, франциялық Констан Лестьеннге қарсы ойында жеңіліп қалды. 

Бұл туралы журналист Стефано Берлинчони Twitter желісінде жазды. 

Ойын Германияның Хейльбронн қаласында өткен. Ойынның үшінші сетінде есеп Лестьеннің пайдасына 2:1 болған. Ойындар арасындағы үзіліс кезінде колумбиялық теннисші корттан шығып, дәретханаға барған. Алайда ол үзіліс соңына дейін қайтып келіп үлгермей, төреші оған айыппұл салыпты. Галан кортқа қайтып келгенде, есеп Лестьеннің пайдасына 40:0 болған.

Ойын франциялық теннисшінің пайдасына 5:7, 7:6, 6:3 есебімен аяқталды. Екі спортшы да Кәсіби тенниссшілер қауымдастығының жүздігіне кірмейді. 
 

Талқылау