Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теңізге батқан 2 жасөспірімді құтқарған балалар үйінің тәрбиеленушісі марапатталды

Маңғыстаудағы балалар үйінің тәрбиеленушісі Юни Мамыров ТЖ Департаментінен теңізге батқан екі жасөспірімді құтқарғаны үшін марапталды. Департамент қызметкерлері оны Конституция күнінде ерекше марапаттауды жөн көріпті. Жас құтқарушыға қымбат сағат пен алғыс хат берілді.

image

Бұл туралы “Лада” басылымы хабарлайды.

“Алты ерікті күн сайын Маңғыстау облысының ТЖД отрядымен бірге айналаны барлап, өздеріне жұктелген міндетті толығымен орындап шықты. Олар демалыс аймағына келушілерге қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, арнайы қағаздар таратқан”, – деп мәлімдеді ТЖ Департаменті.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 14 шілдесінде ерікті құтқарушылар Юни Мамыров пен Фараби Пернебаев теңізге батып бара жатқан екі жасөспірімді құтқарып қалған болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Жолбарыс зообақ қызметкерін қабыланнан құтқарды (видео)

Риода қайтыс болған неміс бапкерінің ағзалары 4 адамның өмірін құтқарды

Қостанайда учаскелік полицей жас жігітті суицидтен құтқарды

Атырауда полицейлер Жайық өзеніне батып бара жатқан жасөспірімді құтқарды

Талқылау