Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теңізден сөмке тәрізді жұмбақ жәндік табылды

Хаттерас ұлттық жағалауының өкілдері Солтүстік Каролина штатының жағажайында пайда болған жұмбақ сөмкелердің шығу төркіні бар екенін мәлімдеді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Теңізден сөмке тәрізді жұмбақ жәндік табылды

Толқын итеріп шығарған жағалаудағы жұмбақ қара төртбұрыш нысан жергілікті тұрғындарды қобалжытып қойды. Алғашында олар бұл ерекше нәрсені пластик деп ойлап, теңіздің қоқыстармен ластанғанына ашуланған болатын. Бірақ, ол пластик қоқыс болмай шықты.

«Жоқ, бұл пластик емес. Бұл скаттың жұмыртқалары», – деп хабарлады Хаттерас ұлттық паркінің өкілдері.

Теңізден сөмке тәрізді жұмбақ жәндік табылды

Белгілі болғандай, жағажайлардан қиықша тәрізді скаттың бос жұмыртқасының капсулалары табылған. Олардың әрқайсысында үлкен жұмыртқа болады. Ал сөмке тәрізді жәндік жұмыртқасының тұтқасы теңіздің түбінде тіреліп тұру үшін арналған.

«Суда олар әдетте балдырларға немесе басқа да қозғалмайтын заттарға бекітіледі. Ал кішкентай скаттар жарып шыққанда бұл капсулалар жиі толқынмен жағаға шығарылады», – деп түсіндірді парктегілер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау