Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Теңіз» кен орнындағы өртке қатысты алғашқы болжамдар айтылды

Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнындағы жұмысшылар жатақханасында болған өртке кір жуатын бөлмедегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Қазір мамандар келтірілген шығын көлемін анықтап жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жылой ауданының орталығы Құлсары қаласынан 90 шақырым жерде орналасқан «Теңіз» кен орнындағы өрт кеше түс әлетінде болған еді. Мұндағы екі қабатты жатақхана ғимараты түгелдей өртеніп, 2 адам зардап шекті. Екінші қабаттан секіріп кеткен 41 және 30 жастағы екі жұмысшы «Теңізшевройлдың» өз емханасына жеткізілген. 500 шаршы метр жерден астам аумақты шарпыған жалынды компанияның өрт сөндірушілері 4 сағаттан астам уақыт бойы сөндіріпті.

Оқи отырыңыз:

Мәйітхананың сапасын сынаған депутаттар мәселені шешуді талап етті

Талдықорғанда қылмысын жасырған ұшқыш ақыры сотталды

Жамбыл облысында қойшы “Қазақваген” көлігін ойлап тапты

Танымал қазақстандық блогер сот алдында жауап береді

Талқылау