Теңгенің әлсіреуі: Ақышев қазақстандықтарға ақша айырбастауға асықпауға кеңес берді

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев теңгенің құлдырауына қатысты пікір айтты.

Банк төрағасының айтуынша, бұл жазғы маусымға байланысты. Ақышев мұның барлық дамушы елдерде кездесетін жайт екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik.

Қазақстанда еркін өзгермелі айырбас бағамы режимі болып жатыр: Ұлттық Банк валюталық саудаға кедергі жасамайды және тариф тек сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасуда. Теңге АҚШ валютасына қатысты әлсіреп жатыр. Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамы 21 маусымда 341,08 теңгені құрады.

«Қазақстанда ғана емес, барлық дамушы елдерде валюта долларға шаққанда әлсіреп жатыр. Бірақ біз теңгенің құбылмалылық дәрежесі әлдеқайда төмен екендігін көріп отырмыз», – деді Ақышев.

Қазақстанда маусым айында теңге үнемі әлсірей бастайды.

«Адамдар демалысқа шығады. Балаларын шетелге шығарады. Ол үшін ақша айырбастайды», – деді ол.

Ақышев тек қажет жағдайда болмаса, жайдан жай айырбас нүктелеріне ағылудың қажеті жоқ екенін ескертті.

«Теңге курсы бір доллары 340-қа жетіп, кейін 320-ға түсті», – деді банк төрағасы.

Ақышев теңгенің әлсіруіне экспортты тауар бағасы мен маусымдық фактор әсер еткенін айтты. Экспортты тауарға қатысты мұнайды атауға болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар