Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теңге тағыда құнсыздана түсті

 Бүгін Алматы мен Астанадағы айырбастау нүктелерінде 1 АҚШ доллары  342-344 теңге аралығында саудаланып жатыр. Оның өзінде көп жерлерде тек доллар қабылдайтындарын айтады.

tenge

 

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD)

қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.
Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 22 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 339,47 (+1,81 тенге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 160 450 (-88 550 мың USD) мың АҚШ долларын құрады.

Есептесуі T+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне сұраным бір юаньға 51,2400 теңгені құрады, ұсыным – бір юаньға 51,2700 теңгені құрады.

Осы хабарламада аталған трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Талқылау