Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теңге курсы не себепті күрт төмендеп кетті?

ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов теңге курсының күрт төмендеуіне қатысты пікір білдірді.

Теңге курсы не себепті күрт төмендеп кетті?

«Ұлттық банктің сайтында күн сайын  дамыған нарық валюталарының бағамын енгізіп отырамыз. Онда бразилиялық, мексикалық валюталар бар. Олардың арасында 4%-ға дейін айырмашылық болып түрады. Сондықтан бұл ақшаның құнсыздануы емес. Бұл жай ғана нарықтағы бағамның ауытқуы», – деді Алпысбаев.

Оның айтуынша, валюта бағамының ауытқуы іргелі факторларға байланысты болса, онда Ұлттық банк интерванция жүргізбейді.

«Егер теңгенің ауытқуы іргелі факторлармен байланысты болмаса, онда интервания жасаймыз. Кейде сарапшылар валютаның ауытқуын саяси оқиғалармен байланыстырып жатады. 2015 жылдың тамызынан теңге еркін құбылмалық бағам енгізді. Яғни, Ұлтық банк валюталық нарыққа араласпайды. Тек іргелі факторлар жағдайында ғана қатысады. Сондықтан да барлығы да сұраныс пен ұсыныс арқылы айқындалады», – деп атап өтті ол.

Оқи отырыңыз: 

Оралда есімін жасырған азамат көпбалалы отбасыға баспана алу үшін 1 млн теңге әкеп берді

Достық плаза мен Глобус: Алматыдағы қауіпті сауда орталықтары белгілі болды

Ет жеуден қалдық: Сарапшы ет бағасының өсуін түсіндірді

Талқылау