Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теңге құнсызданып барады: Доллар курсы 350 теңгеге жақындады

KASE күндізгі есебі бойынша, доллар курсы 348,21 теңге болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Ақша айырбастау нүктелерінде доллардың сатып алу бағасы 348,7 теңге, сату бағасы – 349,5 теңгені көрсетіп тұр.

Сарапшылардың айтуынша, теңге мұнай бағасының төмендеу себебінен әлсіреп кетті.

Сәрсенбі күнгі саудаға байланысты, атап айтқанда АҚШ-тағы тауар қорының ұлғаюы себебінен қытайлық тауарларына салынатын салық өскендіктен, мұнай бағасы төмендеуде, деп хабарлайды Dow Jones.

Айта кетейік, бұл соңғы екі жылдағы теңгенің ең төменгі әлсіреуі. 2016 жылы 4 тамызда доллар 354,01 теңге болды. Алайда 2016 жылдың соңына дейін 333 теңгеге түсті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау