Теңге қайтадан арзандай бастады

Қазақстан қор биржасының (KASE) таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша дүйсенбі, 24 қыркүйекте АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 352,90 теңгені құрады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Теңге қайтадан арзандай бастады

21 қыркүйектегі таңертеңгі сессияның қорытындысымен бүгінгі көрсеткішті салыстыратын болсақ ұлттық валюта 0,81 теңгеге төмендеген.

Ұлттық валютаның ең төменгі айырбас бағамы 352,30 теңге болса, ең жоғарғысы 355,50 теңгені құрады.

Астанадағы айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 357,5 теңге сатылып жатса, Алматыда – 357 теңгеге сатылуда. Ұлттық Банктің деректері бойынша ресми бағам бір доллар үшін 352,54 теңгені құрайды.

Айта кетейік, өткен аптада доллар өз позицисын жоғалта бастаған болатын. Қыркүйектің 11-і мен 21-і аралығында америкалық валюта 30 теңгеге төмендеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
11.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар