Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теңге қайта күшейді

Өткен аптада күрт арзандап кеткен ұлттық валютамыз қайта нығаюда. Бүгін қор биржасындағы таңғы саудада теңгенің долларға қатысты құны 319-ды құрады. Бұл туралы КТК хабарлады.

Осылайша, бір күн бұрынғы бағаммен салыстырғанда 1 теңге 21 тиынға қымбаттаған. Дәл қазір ақша айырбастау орындарында доллар 319-320 теңгеден сатылуда. Ал, өткен аптада төл ақшамыздың KASE-дегі құны 327 теңге 50 тиынға дейін құлдилаған болатын. Яғни, санаулы күннің ішінде валютамыз шамамен 5 теңгеге құнсызданып кетті. Ал, осы дүйсенбіден бастап бұрынғы қалпына келе бастаған-ды.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде мафиямен байланысқан лауазымды полицей сотта жауап беріп жатыр

Астанада көлік қағып кеткен қыз жүргізушіні ең ауыр жазаға кесуді сұрады

Экс-министр Бишімбаев түрмедегілермен жанжалдасып қалды

Талқылау