Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теңге апта бойы өз позициясын жоғалтты және одан әрі құлдырауы мүмкін деп болжануда

Ұлттық валюта бір апта бойы өз позициясын жоғалтып, қор биржасындағы жұма күнгі сессияны 334 теңге 22 тиын бағамымен бекітті. Ал, АҚШ доллары осылайша баяу көтеріле бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Теңге апта бойы өз позициясын жоғалтты және одан әрі құлдырауы мүмкін деп болжануда

Дүйсенбінің өзінде бір АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы 330 теңгені құрады, ал бүгінгі таңда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар көрсеткіші 335-ке жетті. Кейбір талдаушылардың болжамы бойынша, жазда ұлттық валютаның аздап әлсіреуі жалғасады. Маусым айының ортасында тариф 340 теңгені құрауы мүмкін. Айырбастау пункттеріндегі таблода доллар – 335.10; еуро – 395,5, ресей рублі – 5,40 деген көрсеткіш көрсетіліп тұр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. t.me/stankznews

Талқылау