Теміртаулық студенттер сатушы әйелді зорлап, тонап кеткен
Теміртауда екі жас жігіт дүңгіршек сатушысын зорлап, тонап кеткен деп күдікке ілінді.
18 қыркүйек күні таңертеңгі уақытта 17 және 19 жастағы екі жігіт тәулік бойы жұмыс істейтін дүңгіршекті тонап, 29 жастағы сатушы әйелді зорлап кеткен.
Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды. Полиция мәліметінше ішке басып кіріп әуелі сатушы әйелді зорлаған жігіттер, содан соң кассаға қол салып, 20 мың теңгені алып кеткен.
“23 қыркүйек күні жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қаладағы колледждердің бірінде оқитын екі күдіктіні қолға түсірді. Олар 18 қыркүйек күні таңғы 06:00-де қылмыс жасағандарын мойындаған”, – деп хабарлады ІІД.
Оқи отырыңыз:
Шымкентте дәмханадан шыққан өрт үйлерге өтіп кетті (видео)
Алматыда 23 жастағы жігіт әйел адамды қағып өлтірді
Астана полицейлері 8-қабаттан секірмек болған қызды құтқарды
Мексидағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 273 адамға жетті