Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртаулық құтқарушылар асылып өлмекші болған жүкті әйелді құтқарды

Теміртауда құтқарушылар тобы өз үйінде асылып қалмақшы болған жүкті әйелді құтқарып қалды.

кака

Бұл туралы nv.kz хабарлайды.

Кеше сағат төртке таман құтқарушылар бригадасына қоңырау келіп түседі. Жергілікті тұрғын 15 минуттан бері туған жиенінің үйіне кіре алмай тұрғанын айтады. Жүкті әйелден бөлек үйде үш жасар сәби мен қарт мүгедек әйел болған.

Құтқарушылар тоғыз қабатты үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтерге жедел жетеді. Олар сыртқы темір есіктің іштен бекітілгенін байқайды.

Олар балкон арқылы ішке сындырып көруді дұрыс деп шешеді. Олар автобаспалдағы бар көлікті көпқабатты үйдің кіреберісінің алдына келіп орналастырған. Бей-берекет өскен талдардың кедергі келтіргеніне қарамастан, олар баспалдақты мейлінше жылдам орнатып, пәтерге басып кіреді. Лейтенант Алданов пен Пылаев бір бөлмеде қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан үш жасар бала мен әйелді көреді.

Ал келесі бөлмеден жамылғыға асылып, талмасы ұстап қалған 1990 жылы туған жүкті әйелді тапқан. Құтқарушылар оны жылдам түсіріп, пәтерден шығарып, жедел жәрдемге алып барады. Абырой болғанда, екіқабат әйел аман қалған. Оны жүйке жүйесі бұзылған деген диагнозбен ауруханаға жеткізген.

Талқылау