Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртаулық граффитист Павл Касаны Шымкент әкімдігі іздеп жатыр

Теміртаулық  аты шулы граффитист Павл Касаны  Шымкентте өтетін заманауи өнер байқауына қатысуға шақырып жатқаны жайлы қаланың ресми сайтында жазылған. Әрине бұл көше суретшісінің еңбегі  өз қаласында жұрттың ашуын келтіргеніне қарамастан жасалып отырған ұсыныс.

фестиваль1

Әкімдік қызметкерлері Павелді “Shymkent Art Days-2016” байқауының қатысушысы ретінде көргілері келетінін жасырмаған. Байқау 13-ші және 15-ші мамыр аралығында өтеді. Мұндай байқау Шымкентте бірінші рет ұйымдастырылып отыр екен. Онда  көше мәдениетіне ұласқан түрлі өнер өкілдері жиналады. Фестивальдің тақырыбы  «Заманауилықтың  үндеуі» деп аталмақшы.

фестиваль

Мамырда Шымкент еркін өнердің ашық алаңына айналмақшы. Онда  заманауи өнем адамдары  барлық жайтқа байланысты ойларын еркін әрі өз қалауларынша өнерімен көрсетпекші.

«Павел Кас- заманауй форматқа симайтын жаңа өнердің майталманы. Шымкент оны қуана-қуана қарсы алмақшы. Ал ұйымдастырушылар өз кезегінде көше суретшісіне қажеттінің барын тауып, қолайлы жағдай жасамақшы. Павел Кастың жұмысы қаламыздың айнасына айналары анық»,-дейді  қала әкімінің орынбасары  Қайрат Нұртай.

Шымкент қаласы әкімдігінің арқасында Павелдің өнерін арт-фестивалінің қатысушылары тамашалай алатын болады. Көп қабатты үйдің қабырғасына  суретші әріптестерімен бірге  француз суретшісі Анри Матистің «Би» картинасын бейнелеген еді.

Есте болса, Павел Касаның Теміртау қаласындағы тұрғын үй сыртына салған суреті жергілікті әкімдікке жақпай қалған еді. Жастар осылайша қаланың тазалығына деген көңілдері толмайтынын білдіргісі келген еді.

 

Талқылау