Теміртаулық әйел 28 жылдан бері қоқыс заттарын сатумен айналысып келеді

Дүйсенбі, 24 Сәуір , 2017 15:10

Мән берген адамға қоқыс дегеніміз – қып-қызыл ақша. Керексіз деп лақтырған заттар қоқыс алаңында үлкен сұранысқа ие. Шыны бөтелке 1 теңгеден 5 теңгеге дейін бағаланады. Пластмасса бөтелкенің келісі – 20 теңге, целлофан пакеттердің келісі 15 теңгеге саудаланады.

33292_2_resized_595x334_1

Бл туралы Қазақстан арнасы хабарлайды.

28 жыл қоқыс арасында жүрген Күлпан Ибрагимованың жұмысы қазір қауырт. Өйткені, мамырға дейін 1 тонна картон қағаздың тапсырысын орындауы қажет. Ебін тапқандар осылайша тау боп үйілген қоқыстан да пайда тауып отыр. Күл-қоқысты кәсіп еткендердің саудасы қай уақытта қызады? Қоқысты кәдеге жарататын және қайта қалпына келтіретін елдерді білесіз бе?

«Банкі, бөтелке дегендерді қазір алмайды. Бұрын алатын. Бәрін арзанға тапсырамыз. Жалға алушылар өздері келіп алып кетеді», – дейді Теміртау қаласының тұрғыны Күлпан Ибрагимова.

Біз ғой қоқыс теріп жүрміз. Ал дамыған елдер теретін қоқыс таппай жүр. Ол жақта бәрі кәдеге жарайды. Жапонияда қоқыстың 90 пайызы қайтадан қалпына келтірілсе, өңдеуге келмейтін 10 пайызын электр энергиясын алу үшін өртейді.

nz1.ru_14927856065

Парижде жылына 600 мың тонна  қоқыс парализ әдісімен өртелсе, қалдықтардың 30 пайызынан аллюминий, 50 пайызынан әйнек өндіріледі. Ал, Қытай қалдықтарды бірнеше әдіспен сұрыптайды. Заманауи технологиядан бөлек тұрғындарды да жұмысқа тартады.

«Швеция Норвегияның қоқысын сатып алып, өз көлігімен алып кетіп, қайта өңдейді. Осылайша пайда табады. Одан шығарған отынның күші көмірге қарағанда 30 пайызға көп», – дейді эколог Марғұлан Хамиев.

Шетелде отыннан бөлек әйнек, темір, дорба қапшықтар мен пластмасса бұйымдардың барлығы қалдықтан өніріледі. Ол ол ма, қоқыстағы бір тамшы судың өзін пайдаға жаратады.

«Қоқыстан алған суды техникалық тазалаудан өткізіп, қаланың тазалық жұмыстарына, гүл суару, бақша суару жұмыстары пайдаланады», – дейді эколог.

Алматылықтардан бір жылдың өзінде 600-700 мың  тонна қалдық жиналады. Оларың әрі кетсе 5 пайызы ғана қайта өңделеді.

Арнайы мамандар қоқысты қайта өңдеу жұмыстарының алдағы уақытта қолға алынатынын айтады.

Ал, ебін тапқандар қоқысты тау-тау қылып жинап, пайда тауып отыр. Цех жұмысшылары қоқыстан сұрыпталған қатырма қағаздарды Алматыға жібереді. Шыныларды Ресейге жөнелдеді.

Тағы да оқыңыз:

Жолсапар шарбақтамаппын! Астанадағы қазақша аударма елдің ашуын келтірді

Кореяда Ыбырай Алтынсарин бейнеленген кілемшені аяқ астына төсеп қойған (фото)

Сән үшін кіші аяқ киім киген қытайлықтардың аяғы адам шошырлық кейіпке айналған (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар