Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртаудың ғарыштан түсірілген фотосуреттері ғалымдарды шошытты

Қара күйе жамылған Теміртаудың ғарыштан түсірілген фотосуреттері пайда болды. Ғалымдардың осыдан кейінгі пайымы бойынша, қаланы басқан қою түтіннің метталургиялық комбинаттан шығып жатқанына еш күмән жоқ, деп хабарлайды КТК.

Қалың қар жамбылдықтарды әбігерге салды. Бұл фотосуреттер ғарыштан 7 қаңтарда таңертең түсірілген. Кадрларда жаңа жауған қардың сәл уақытта ақ-қара түске енгенін байқауға болады. Тәуелсіз экологтар қаланы комбинаттың түтіні басып жатқанын бірауыздан айтып отыр. Дегенмен, қазір экология басқармасы мен «Қазгидромет» өкілдері қара күйенің қайдан келгенін әлі анықтап жатыр.

Бүгін олар Теміраудың 5 бірдей жерінде ауадағы күкіртті сутек құрамының қалыптан асқанын мәлімдеді. Ал қорытынды нәтижелер 10 күннен кейін дайын болады. Естеріңізге салсақ, қаңтардың басында қала тұрғындарының арызынан кейін Теміртау билігі экология басқармасына хат жолдаған. Сол хатқа байланысты қазір жоспардан тыс тексерістер жүріп жатыр. Дегенмен, осы шаһардағы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы ауаны ластайтын түтінге бақылауды күшейткенін және соңғы 20 жылда қоршаған ортаға шығатын лас қалдықтардың 3 есеге азайғанын айтып, өздеріне шаң жуытар емес.  

Тағы да оқыңыз:

БҚО-да адам өліміне күдіктелген жігіт желідегі хаттарының арқасында ақталып шықты

Алматы облысында қылмыскердің түсіне өзі өлтірген ағасы кіріп, кінәсін мойындауға мәжбүрлеген

Енді атаулы әлеуметтік көмекті ай сайын емес, бірден алуға болады

Назарбаев Трампқа: Сіз таңғаларлық салық реформасын жасадыңыз, оны 5 жыл бұрын жүзеге асырғанмын

Талқылау